Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз

Мақалалар электронды форматта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде журналдың веб-сайтына жіберіледі:  https://bulletin-phebmt.kaznpu.kz/phebmt 

  1. Сайтқа тіркелу (аты-жөні, тегі, жұмыс орны, елі)
  2. Жүйеге кіру (е-mail пошта, қолданушының аты, құпия сөз)
  3. Авторларға арналған ереже (журналдың талаптарымен танысу)
  4. Жеке кабинет (автордың немесе рецензенттің ролін таңдау)
  5. Сайтқа мақаланы жүктеу
  6. Журналдың редакциясынан жауап күту

Веб-сайтта мақалаларды тек авторлар тіркей алады. Файл атауында автордың тегі (бірлескен авторлар болған жағдайда – бірінші автордың тегі) көрсетіледі. Ол үшін веб-сайтта тіркелу немесе «кіру» батырмасы арқылы бар тіркелгіге кіру қажет. Бір автор (соның ішінде бірлескен авторлар) мақаланы жылына тек екі реттен артық емес ұсына алады.

Мақалаларды автор келесі форматтарда жүктейді:

1) MS Word – толық оригинал мақала;

2) MS Word мақалада автордың (лардың) аты-жөнін және аффилиациясын көрсетпей – рецензиялау үшін;

3) PDF нұсқасы оригинал мақаланың – Антиплагиат жүйесі үшін.

Требования к оформлению статей.

Қаріп – Times New Roman, қаріп өлшемі – 12, туралау – мәтін ені бойынша, интервал – бір, абзац – 1 см, жиектері: жоғарғы және төменгі – 2 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 1 см. Кестелер, диаграммалар және суреттер өңделетін форматта ұсынылады. Кестелер мен суреттердің саны ұсынылған мақаланың жалпы көлемінің 20%-ынан аспауы керек. Қаріп – Times New Roman, қаріп өлшемі – 10. Кестелер мен суреттерді рәсімдеуді мақала үлгісінен қараңыз.

ҒТАМР (ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы), код 77: Дене шынықтыру және спорт. 

Авторлардың аты-жөні, жұмыс (оқу) орны, қаласы, елі ортада (кіші әріптермен курсивпен); (Корреспондент автор* белгісімен белгіленуі керек).

Мақаланың тақырыбы (7–12 сөз) үлкен әріптермен (мақала тілінде) ортада жазылады;

Аннотация 100-ден кем емес және 300 сөзден аспайды (мәселенің мәлімдемесі, зерттеудің мақсаты, зерттеу әдістері, нәтижелер және негізгі қорытындылар).

Кілт слова: сөздер/сөзтіркестері (5-10 сөз мақала тілінде)

Жоғарыда көрсетілген ақпарат үш тілде жазылады (қазақ, орыс, ағылшын)

Кіріспе (мәселенің өзектілігі, даму деңгейі, әдебиеттерге шолу, зерттеудің мақсаты мен маңыздылығы)

Материалдар мен әдістер (пайдаланылған әдістердің, әдістемелердің, материалдардың сипаттамасы, зерттеу әдістемесі)

Нәтижелер (орындалған жұмыс нәтижелері, кестелер, графиктер, иллюстрациялар және деректер жиынтығына сілтемелер (деректер жиынтығы).

Талқылау (зерттеу нәтижесінде алынған деректерді түсіндіру және нәтижелерді басқа ғалымдардың тәжірибесімен салыстыру).

Қорытынды (келтірілген тұжырымдарды қайталамай, мақала бөлімдерінің қысқаша қорытындалу)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында стандартқа сәйкес рәсімделуі тиісті ГОСТ 7.1:2003 (үлгі берілген) және 15-тен кем емес дереккөздер енгізу қажет және 30-дан артық болмауы керек, оның 50%-дан астамы – соңғы 3-5 жылдағы дереккөздер,  Web of Science/Scopus тізіміндегі журналдарда жарияланған мақалаларға сілтеме көрсетілуі міндетті. Өзіне сілтеме беру 1-2 әдебиеттен аспауы керек. Әдебиеттер тізімін автоматты түрде нөмірлеуге жол берілмейді. Тиісті дереккөздерге сілтемелер мәтінде аталуына қарай, тік жақшада [1, 15-б.] әдебиеттер тізімі бойынша дереккөздің нөмірі және автор сілтеме жасайтын нормативтік актінің беті не бабы көрсетіле отырып келтіріледі. Автоматты бет сілтемелерін пайдалануға жол берілмейді.

Әдебиеттер тізімінде кириллицада ұсынылған жұмыстар болған жағдайда, романдандырылған әдебиеттер тізімін жасау қажет (транслитерация үшін http://www.translit.ruпайдалану).

References (қазақ және орыс тіліндегі мақалалар үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімін латын алфавитінде қайталап жазу міндетті. Ағылшын тіліндегі мақалалар үшін әдебиеттер тізімі түпнұсқа түрінде латын әріпімен беріледі.

Мақаланың көлемі (атауын, авторлар туралы мәліметтерді, аннотацияны және кілт сөздерді есептемегенде) кемінде 2500 сөзді құрауы және 6000 сөзден аспауы тиіс. Сонымен бірге, мақаланың көлемі үлкен болған жағдайда 4 авторға дейін рұқсат етіледі Бұл ретте ең төменгі/ең жоғары көлемі A4 парақпен емес, мақаладағы сөздердің санымен өлшенеді.

Ғылыми сілтеме  Chicago стилінде: (Автор, жылы) немесе (Автор, жыл, беті) рәсімделеді. Мақаладағы мәліметтердің шынайылығына автор/авторлар жауапты. Түпнұсқа пайызын техникалық немесе басқа жолдармен арттыру орын алған жағдайда мақала басылымнан алынады.