Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
SPORTTYK BILIM & GYLYM
SPORTTYK BILIM & GYLYM

SPORTTYK BILIM & GYLYM

Журнал қазіргі заманғы әлемдік ғылыми білімнің талаптарына сәйкес ҚР және басқа елдердің  дене шынықтыру  және спорт мәселелері мен салаларының барлық деңгейлерінің негізгі нәтижелерін жариялауға арналған электрондық ғылыми басылым болып табылады.

Журналдың мақсаты: дене шынықтыру және спорт саласындағы өзекті мәселелерді, олардың философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық-педагогикалық және медициналық-биологиялық аясын зерделей отырып, жария ету; академиялық жұртшылыққа іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерімен алмасу және талқылау мүмкіндігін беру; халықаралық ғылыми қоғамдастыққа интеграциялау.

Журналдың міндеттері: басылым авторларына рецензиялау қызметтерін қоса алғанда, сапалы редакциялық-баспа қызметтерін ұсыну; әр түрлі елдердің ғалымдары арасында нәтижелі диалог үшін ғылыми алаң құру; дене шынықтыру және спорт салаларындағы мамандар болып табылатын беделді авторларды журналға тарту; Қазақстанда және шетелде журналдың қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру; журналды халықаралық және қазақстандық нарықта ілгерілету.

Тақырыптық бағыттары:  дене шынықтырудың және спорттың  заманауи жағдайы, өзектi мәселелері, олардың философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық-педагогикалық және медициналық-биологиялық аясы зерделеніп жарияланады.