Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз

Жариялау этикасы

Жариялау этикасы. Журнал редакциясы халықаралық ғылыми қоғамдастықта қабылданған этикалық нормаларды сақтау үшін барлық мүмкіндікті жасайды, өз жұмысында да, өзара қарым-қатынаста да осы нормалардың бұзылуына жол бермейді.

Авторлық құқықтар

Қолжазбаның авторлығы қолжазбаны жасауға, идеяны қалыптастыруға, мақала жазуға, нәтижелерді түсіндіруге тікелей қатысқан және ғылыми нәтижелерге қол жеткізуге елеулі үлес қосқан зерттеушілерге тиесілі. Авторлар өз қолжазбаларына құқықтарын сақтай отырып, барлық тілек білдірушілерге оларды еркін жүктеуге, таратуға немесе көшіруге рұқсат береді, бұл ретте осы жұмысқа авторлық белгісі және осы журналдағы бірегей жарияланымға сілтеме міндетті түрде көрсетілуі керек. Осы әрекеттердің барлығы үшін журналға сілтеме көрсетілген кезде авторлардың немесе баспагердің рұқсаты талап етілмейді. Авторлар өз мақаласын басқа дереккөздерде осы журналдағы түпнұсқалық жарияланымына міндетті түрде сілтеме жасай отырып тарату

Мүдделер қақтығысы

Редакторлар мен рецензенттер ұсынылған қолжазбалардан алынған, жарияланбаған деректерді автордың жазбаша келісімінсіз өздерінің жеке зерттеулерінде пайдалана алмайды. Рецензиялау барысында алынған және пайдалануға ықтималдығы бар ақпарат немесе идеялар құпия сақталуы және жеке мақсаттарда пайдаланылмауы тиіс. Рецензенттер авторлармен бәсекелестік, бірлестік және басқа да өзара іс-қимыл мен қатынастары бар болған жағдайда, сондай ақ  ұсынылған жұмысқа  компаниялардың немесе басқа да ұйымдардың қайсы бірімен мүдделер қақтығысы бар болса қолжазбаларды рецензиялауға қатыспайды.

Құпиялылық саясаты. Журналдың редакциясы тағайындалған рецензенттерді, қарауға қабылданған қолжазба туралы мәліметтерді ол жарияланғанға дейін үшінші тұлғаларға жария етпейді. Сондай-ақ, редакция авторларға және өзге де тұлғаларға рецензенттер туралы мәліметтерді жарияламайды. Жариялау процесіне қатысушылардың мінез-құлқының барлық нормалары, атап айтқанда авторлардың, редакциялық алқа мүшелерінің, баспагердің және рецензенттердің мінез-құлқының қағидаттары, нормалары мен стандарттары жарияланымдар этикасына негізделеді.

Мақалаларды түзету және пысықтау тәртібі

Егер мақалаға берілген рецензияда оны түзету қажеттігі туралы қорытынды болса, онда мақала авторға пысықтауға жіберіледі. Рецензияда мақаланы түзету және пысықтау бойынша ұсыныстар болған жағдайда, жауапты хатшы авторға оларды мақаланың жаңа нұсқасын дайындау кезінде ескеру немесе оларды (ішінара немесе толық) жоққа шығару ұсынысымен рецензия мәтінін жібереді. Автор пысықтаған (қайта өңдеген) мақала қайта рецензиялауға жіберіледі және жалпы тәртіппен қаралады. Рецензент жариялауға ұсынбаған мақала қайта қарауға қабылданбайды. Рецензенттің пікірімен келіспеген жағдайда мақала авторы редакцияға өз қолжазбасын апелляциядағы тиісті дәлелдермен басқа рецензентке рецензиялауға жіберу туралы уәжді өтінішімен жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда журналдың редакциялық алқасы қолжазбаны қайта рецензиялауға жібереді немесе авторға уәжді бас тартуды ұсынады.