Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз

ӘСКЕРГЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАРДЫҢ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Аңдатпа

Әскерге дейінгі жастардың дене дайындығы — еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуда, азаматтық жауапкершілікті арттыруда маңызды орын алатын әлеуметтік-әскери мәселе. Әскери қызметке тартылатын жастардың физикалық және психологиялық тұрғыдан даяр болуы олардың жауынгерлік қабілетіне, рухани төзімділігіне тікелей ықпал етеді. Бүгінде жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене мәдениетін дамыту, әскери-патриоттық тәрбиені нығайту өзекті мәселеге айналып отыр. Осы мақалада әскерге дейінгі жастардың дене дайындығының ғылыми-теориялық негіздері қарастырылып, тәжірибелік зерттеу нәтижелері ұсынылады. Зерттеу барысында дене тәрбиесінің тиімді әдістері, арнайы дайындық бағдарламаларының мазмұны, қозғалыс белсенділігін арттыру жолдары жан-жақты талданады. Сонымен қатар, жастардың әскери қызметке психологиялық әрі физикалық дайын болуын қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар анықталады. Жұмыстың нәтижесі жастардың дене дайындығы сапасын арттыруға бағытталған кешенді ұсыныстарды ұсынады. Бұл ұсыныстар жалпы білім беру мекемелері мен арнаулы оқу орындарында қолдану үшін практикалық маңызға ие.

pdf