Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз

ӘРТҮРЛІ ҚАРҚЫНДЫЛЫҚТАҒЫ ЦИКЛДІК ЖҮКТЕМЕЛЕРДІҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ӘСЕРІ: студенттер, ақыл-ой жұмысқа қабілеттілігі, зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығы, қысқа мерзімді циклдік жүктеме, қарқындылық аймақтары, жүрек соғу жиілігі, кейінге қалдырылған әсер.

21

5

Казахский национальный аграрный исследовательский университет
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Ақтау қ., Қазақстан
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Ақтау қ., Қазақстан
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Ақтау қ., Қазақстан
Аңдатпа

Студенттердің ақыл-ой жұмысқа қабілетін ынталандыратын қысқа мерзімді циклдік дене жүктемелерін оңтайлы мөлшерлеу мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығын неғұрлым тиімді белсендіретін жүктеме қарқындылығының аймақтарын анықтау. Зерттеуге ҚазҰАЗУ-дың 9 студент-спортшысы (жекпе-жек түрлері, 17-21 жас) қатысты; олар велоэргометрде жүрек соғу жиілігінің (ЖСЖ) 110-130, 150-160 және ≥180 соғу/мин аймақтарында әрқайсысы 5 минуттан үш серия педаль басты, серия аралығында 3 минуттық белсенді демалыс болды. Перцептивтік үдерістер Бурдон–Анфимов түзету сынағымен жүктемеге дейін, серия аралығында және жүктеме аяқталғаннан кейін 30 минуттан соң бағаланды. Бірфакторлы дисперсиялық талдау барлық қарқындылық аймақтарында зейіннің шоғырлануының статистикалық тұрғыдан дәйекті (Fp > Fst) артқанын, ал зейіннің тұрақтылығының статистикалық тұрғыдан елеулі өзгермегенін көрсетті. Орташа қарқындылық аймағы (150-160 соғу/мин) тексерілгендердің 100 %-ында жеңіл қарқындылық аймағынан (110-130 соғу/мин) тиімділігі жоғары болды. Субмаксимал/максимал қарқындылыққа (≥180 соғу/мин) көшкенде тексерілгендердің 33 %-ында (9-дан 3-еуінде) орташа аймақпен салыстырғанда шоғырлану көрсеткішінің төмендегені байқалды, бұл жүктемеге физиологиялық төзімділіктің жеке шегі бар екенін көрсетеді. Зейінді белсендірудің ең айқын әсері жүктеме кезінде емес, 30 минуттық демалыстан кейін байқалды – тексерілгендердің 89 %-ында (9-дан 8-інде), бұл циклдік жүктемеге когнитивтік жауаптың кейінге қалдырылған («суперкомпенсаторлық») сипатта болатынын дәлелдейді. Алынған деректер ҚазҰАЗУ-дың оқу және жаттығу сабақтарының құрылымына орташа қарқындылықтағы қысқа мерзімді жүктемелерді, кейінге қалдырылған әсерді ескере отырып, «жүктеме → ақыл-ой әрекеті» кестесін жоспарлау кезінде енгізуге болатынын көрсетеді.

pdf (Russian)