Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз

МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА 7-9 ЖАСТАҒЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СПОРТТЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН КЕШЕНДІ ДИАГНОСТИКАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ

0

0

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
Аңдатпа

Мақалада мектеп жағдайында дене шынықтыру сабақтары барысында 7-9 жастағы оқушы-
лардың спорттық қабілеттерін (қозғалыс сапалары мен жарыс сипатындағы қозғалыс реак-
циясын) кешенді диагностикалауға арналған әдістеме ұсынылады. Зерттеу жұмысы 2024-2025 
оқу жылында Ақтау қаласындағы екі жалпы білім беретін ұйым базаларында жүргізіліп, оған 1-3 
сыныптарда білім алатын 272 ұл бала қатысты. Әдістеме екі кезеңді қамтыды: I кезең жалпы 
дене дайындығын бағалауға арналған стандартталған тесттер кешені (30м жүгіру, 3х10 м 
қайтармалы жүгіру, 6 минуттық жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру, отырып алға еңкею, 
кермеде тартылу) және II кезең ұлттық ойындар негізіндегі қолданбалы қозғалыс тапсырмалары 
(«Ботаны тартып алу», «Қарсыласқа жанасу»), олар қозғалыс қарсыласу жағдайында реакция 
жылдамдығын, үйлесілімділікті және күштік мүмкіндіктерді бағалауға бағытталған. Алынған 
деректер жас және сыныптық топтар бойынша жүйеленіп, 1-сыныптан 3-сыныпқа дейін негізгі 
дене сапаларының оң динамикасы айқындалды, сондай-ақ ойындық сыныптардың іріктеуші 
диагностикалық әлеуеті (финалға өткен қатысушылар үлесінің төмендеуі) көрсетілді. Ұсыныл-
ған әдістеме өлшеу рәсімдерін стандарттауға, оқу уақытының шығынын оңтайландыруға және 
алынған нәтижелерді оқу жүктемесін педагогикалық тұрғыдан жоспарлау мен оқушылардың 
бастапқы спорттық бағдарын айқындауда қолдануға бағытталған.

pdf