Журнал қазіргі заманғы әлемдік ғылыми білімнің талаптарына сәйкес ҚР және басқа елдердің дене шынықтыру және спорт мәселелері мен салаларының барлық деңгейлерінің негізгі нәтижелерін жариялауға арналған электрондық ғылыми басылым болып табылады.
Журналдың мақсаты: дене шынықтыру және спорт саласындағы өзекті мәселелерді, олардың философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық-педагогикалық және медициналық-биологиялық аясын зерделей отырып, жария ету; академиялық жұртшылыққа іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерімен алмасу және талқылау мүмкіндігін беру; халықаралық ғылыми қоғамдастыққа интеграциялау.
Журналдың міндеттері: басылым авторларына рецензиялау қызметтерін қоса алғанда, сапалы редакциялық-баспа қызметтерін ұсыну; әр түрлі елдердің ғалымдары арасында нәтижелі диалог үшін ғылыми алаң құру; дене шынықтыру және спорт салаларындағы мамандар болып табылатын беделді авторларды журналға тарту; Қазақстанда және шетелде журналдың қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру; журналды халықаралық және қазақстандық нарықта ілгерілету.
Тақырыптық бағыттары: дене шынықтырудың және спорттың заманауи жағдайы, өзектi мәселелері, олардың философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық-педагогикалық және медициналық-биологиялық аясы зерделеніп жарияланады.
Журналдың негізгі бөлімдері
- Дене шынықтыру және спорт саласында мамандарды даярлау
- Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі
- Спорттың жалпы теориясы
Жариялау мерзімдері: жылына 4 рет электронды форматта шығарылады Әрбір шығарылымда мақалалар саны – 9. (№ 1 шығарылым – 30 наурызға дейін; № 2 шығарылым – 30 маусымға дейін; № 3 шығарлым – 30 қыркүйекке дейін; № 4 шығарлым – 30 желтоқсанға дейін)
Жариялау тілі: қазақ, орыс, ағылшын
Мақаланы ұсынудың соңғы мерзімі: 1 тоқсан – 10 ақпанға дейін; 2 тоқсан – 10 мамырға дейін; 3 тоқсан – 10 тамызға дейін; 4 тоқсан – 10 қарашаға дейін
Басылымның редакциялық саясаты келесі қағидаларға негізделеді: жарияланымға материалдарды іріктеу процесінде бейтараптылық пен объективтілік; авторлармен тиімді және жедел байланысты қамтамасыз ету; зияткерлік меншік құқықтарын қатаң сақтау; басылымның белгіленген кестесін қатаң ұстану; бір автордың жарияланым жиілігін күнтізбелік жылда екі ретке дейін шектеу.
Журнал келесі материалдарды жарияламайды: журналдың тақырыбына сәйкес емес; бұрын басқа басылымдарда жарияланған; түзетілмейтін орфографиялық, стилистикалық немесе басқа да қателіктер, сондай-ақ белгіленген ғылыми фактілерге (оның ішінде саяси) тікелей қайшы келетін мәлімдемелер мен гипотезалар бар материалдарды .
Журналдың мақсатты аудиториясы: жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы; мектепке дейінгі, орта, кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және әскери білім беру саласындағы академиялық қызметкерлер мен сарапшылар; қазақстандық және шетелдік университеттердің докторанттары, магистранттары, студенттері (ғылыми жетекшісімен) және ғылыми-білім беру мекемелері мамандары; мектеп мұғалімдері мен жаттықтырушылары, қосымша білім беру педагогтары, оның ішінде әскери оқу орындарының, мекемелер мен ұйымдардың педагогтары.
Жариялау үшін журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келетін ғылыми, талдамалық, ғылыми-әдістемелік мақалалар, сондай-ақ автордың (-лардың) тұжырымдамалық ұстанымы анық көрсетілген шолу мақалалары қабылданады.
