Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз

Болашақ педагогтардың денсаулықты сақтау мәдениетінің қалыптасуына әлеуметтік желілер мен ақпараттық құралдардың ықпалы

Ферғана мемлекеттік университеті, Ферғанақ., Ӛзбекстан
Аңдатпа
Мақалада болашақ педагогтардың денсаулықты сақтау мәдениетінің қалыптасуына әлеуметтік желілер мен ақпараттық құралдардың ықпалы туралы қарастырылады. Жеке адам денсаулығының маңызын көрсете отырып, денсаулық, мәдениет, денсаулықты сақтау мәде-ниеті, оны қалыптастыру ұғымдарына талдау жасалады. Жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастырудың басты мақсаты: студент-жастардың психологиялық, дене-қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымды, денсаулықты сақтау уәждемелерін, жеке басының тазалығын жете түсіндіру; олардың мінез-құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне-өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени-гигиеналық мінез-құлық дағды-ларын қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау мәдениетінің қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік желілер мен ақпараттық құралдарға шолу жасалып, олардың ықпалы ашып көрсетіледі және денсаулықты сақтау мәдениетінің студент-жастар арасында қалыптасу көрсеткіші анықталып, талдау жасалады. Студент-жастар арасында денсаулықты сақтау мәдениетінің қалыптастыру жолдарына сипаттама беріліп, жан-жақты талданады.
PDF (English)