Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз

ҚАТЕ ОРЫНДАЛҒАН ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІНЕ ӘСЕРІ

23

4

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ, Қазақстан
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ, Қазақстан
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ, Қазақстан
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ, Қазақстан
Аңдатпа

Мақалада қате орындалған дене жаттығуларының студенттердің психологиялық жай-күйіне әсері қарастырылады. Дене белсенділігі адамның физикалық және психикалық денсаулығын нығайтудың маңызды құралы болғанымен, жаттығуларды техникалық тұрғыдан дұрыс орындамау физиологиялық қауіппен қатар өзіндік сенімнің төмендеуі, мазасыздықтың артуы және спорттық мотивацияның әлсіреуі сияқты психологиялық салдарға әкелуі мүмкін.

Зерттеудің мақсаты – қате орындалған дене жаттығуларының студенттердің өзін-өзі бағалауына, мазасыздық деңгейіне және ішкі мотивациясына әсерін анықтау, сондай-ақ анықталған психологиялық салдардың алдын алуға арналған модель ұсыну. Зерттеуге 18–22 жас аралығындағы 60 студент қатысты. Қатысушылар тәжірибелік және бақылау топтарына бөлінді. Зерттеу бастапқы диагностика, екі апталық тәжірибелік ықпал және қорытынды диагностика кезеңдері бойынша ұйымдастырылды. Деректерді жинауға өзін-өзі бағалау, мазасыздық және мотивация блоктарынан тұратын 25 сұрақтық авторлық сауалнама қолданылды. Нәтижелер сипаттамалық статистика және Пирсон корреляциясы арқылы талданды.

Зерттеу нәтижесінде қатысушылардың 17%-ында өзін-өзі бағалаудың төмен деңгейі, 48%-ында жоғары мазасыздық, 37%-ында ішкі мотивацияның төмендеуі анықталды. Өзін-өзі бағалау мен мазасыздық арасында орташа деңгейдегі кері байланыс тіркелді: r=-0,54. Бұл өзіндік сенім төмендеген сайын мазасыздықтың арту үрдісін көрсетеді. Топтарды салыстырмалы талдау жедел техникалық түзету мен қолдаушы кері байланыс көрсетілген бақылау тобында өзіндік сенім мен мотивация көрсеткіштерінің салыстырмалы түрде тұрақты болғанын көрсетті. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ретінде қате орындалған жаттығудың психологиялық әсер ету тізбегі айқындалып, оны басқаруға арналған авторлық «ҚАТЕ» психологиялық-педагогикалық моделі ұсынылды. Модель төрт өзара байланысты кезеңнен тұрады: Қ – қатені қауіпсіз анықтау; А – адамның психологиялық ахуалын бағалау; Т – техниканы қолдаушы кері байланыс арқылы түзету; Е – ептілік пен өзіндік тиімділікті бекіту. Модель жаттығу қатесін жазалау немесе сәтсіздік ретінде қабылдаудың орнына, оны қауіпсіз үйрену тәжірибесіне айналдыруға бағытталған.

 

pdf