Мақалада Алматы қаласының үлгісінде қала мектептерінде дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жетілдіру жолдары анықталып, тұжырымдалған. Авторлар мектепте қолдануға қажетті, дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жетілдіретін екі модельді ұсынады. Біріншісі оқушылардың бір апталық қимыл қорын көбейту модельі, екіншісі мектептегі дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жетілдіретін негізгі бағыттар мен жұмыс түрлерінің модельі. Қазіргі таңда қимыл белсенділігі тапшы (гиподинамия), ақпараттық технология қарқынды дамыған уақытта оқушылардың тәуліктік қимыл белсенділігі жеткілікті болуы керек. Дүниежүзі ғалымдарының ғылыми-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, оқушылардың қимыл белсенділігі аптасына 14-21 сағат, күніне 2-3 сағат болуы керектігіне баса назар аударылады. Авторлар арнайы құрылған жұмыс тобымен Алматы қаласындағы № 116 мектептегі оқу үдерісіне осы модельдегі жұмыстарды енгізіп, эксперименттік тәжірибе жүзінде дұрыстығын дәлелдеген. Бұл ғылыми тәжірибелік жұмыстың нәтижелерін республиканың басқа өңірлер-лердегі мектептердің оқу үдерісіне енгізу ұсынылады.
ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ)
Аңдатпа
Тіл
Қазақша
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
