Мақалада жалпы білім беретін мектеп жағдайында орта сынып оқушыларының қозғалыс
белсенділігін арттырудың теориялық-педагогикалық негіздерін зерттеу нәтижелері ұсынылып,
заманауи білім беру және тәрбие беру ортасының ерекшеліктеріне бейімделген қазақ халқының
ұлттық қозғалмалы ойындарын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын тиімді тәсілдер
қарастырылған. Автор оқу-тәрбие үдерісінде орта сынып оқушыларының қозғалыс белсенділігін
арттыруға ықпал ететін педагогикалық шарттарды қазақ халқының ұлттық қозғалмалы
ойындарын қолдану негізінде айқындаған. Сонымен қатар ұлттық ойындардың оқушылардың
дене тәрбиесіне, тұлғалық дамуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына тигізетін
тәрбиелік әрі дамытушылық әлеуеті жан-жақты сипатталған. Зерттеу барысында ғылыми-
әдістемелік және арнайы әдебиеттерді талдау, педагогикалық бақылау, сауалнама жүргізу,
педагогикалық эксперимент ұйымдастыру, сондай-ақ алынған нәтижелерді математикалық
өңдеу әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, арнайы іріктеліп, жүйеленген
қазақ халқының ұлттық қозғалмалы ойындары оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттырып қана
қоймай, орта сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс белсенділігін едәуір жоғарылатады.
Сонымен қатар ұлттық ойындарды пайдалану оқушылардың дене дайындығының жақсаруына,
денсаулығының нығаюына, дене бітімінің үйлесімді қалыптасуы мен дамуына, сондай-ақ негізгі
қозғалыс дағдыларының жетілуіне оң әсер етеді.
ҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ОРТА СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫС БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақша
Кілт сөздер
Дәйексөзді қалай келтіруге болады

