Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз

ИНКЛЮЗИВТІ СЫНЫПТАРДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МОТОРЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН БОЧЧА ОЙЫНЫН ЕНГІЗУ АЛДЫНДА ДИАГНОСТИКАЛАУ

19

5

Казахский национальный педагогический университет имени Абая,
Казахский национальный педагогический университет имени Абая,
Аңдатпа

Ерекше білім беруді қажет ететін (ЕБҚ) балалардың инклюзивті сыныптағы оқу үдерісіне 
толыққанды қатысуы үшін олардың моторлық функцияларының дамуы маңызды. Зерттеуіміздің 
мақсаты – бочча ойынын енгізбес бұрын оқушылардың негізгі қозғалыс қабілеттерінің 
(жылдамдық, ептілік, күш, координация) бастапқы деңгейін диагностикалау. 
Бір реттік (кӛлденең) зерттеуге Алматы қаласындағы екі жалпы білім беретін мектептің 
инклюзивті сыныптарында оқитын 12 жастағы 26 оқушы қатысты. Қозғалыс қабілеттері С.А. 
Бортфельд әдістемесіне негізделген бес тест арқылы бағаланды. Деректер Jamovi 
бағдарламасында сипаттамалық статистика әдістерімен ӛңделіп, гистограмма мен Q–Q 
графиктері арқылы кӛрнекі түрде берілді. 
Оқушылардың моторлық кӛрсеткіштері топ ішінде айтарлықтай ерекшеленді. Мысалы, 
жылдамдық тестінде сызғышты ұстау қашықтығы 5-тен 19 см-ге дейін ауытқыды (Me = 14,5 см). 
Шығыршық лақтыру тесті бұл балаларға тым күрделі болды: 26 оқушының 25-і бірде-бір дәл 
лақтыру жасай алмады. Зерттеуде бочча ойыны қолданылмағандықтан, оның қозғалыс 
функцияларына әсері туралы қорытынды жасауға болмайды. Алынған бастапқы деректер 
алдағы уақытта бақылау тобы бар қалыптастырушы экспериментті жоспарлауға негіз болады. 
Жұмыстың практикалық маңызы – инклюзивті ортада қозғалыс қабілеттерін бағалауға 
қолданылған тест кешенін сипаттап, оның қай бӛлігін бейімдеу қажет екенін кӛрсетуінде. 

pdf